22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОблыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыртуға бара жатқанда жедел жәрдем диспетчері «қоңырауды ұстап тұру» әдісі бойынша жүкті әйелдің жолдасына телефон арқылы нұсқау берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
28 қаңтарға қараған түні Екібастұзда 103 пультіне шұғыл шақыру түсті. Жүктіліктің 41-ші аптасында болған 36 жастағы әйелдің толғағы басталған. Медициналық бригада жеделдіктің бірінші санаты бойынша мекенжайға жіберілді.
Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына тоғыз минуттан кейін келді. Ақ желеңділер келген кезде бала дүниеге келген.
Ер адам қорқынышқа бой алдырмай, белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Дүниеге келген сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олардың екеуі де Екібастұздың перзентханасына жеткізілді, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Өткен жылы 103 қызметкерлері 22 әйел адамды үйде босандырған. Ал 2024 жылдың басынан бастап дәрігерлер үйде босануға алты рет барды. Көп жағдайларда «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды.
Біздің кез келген қызметкер диспетчер немесе фельдшер босануды қабылдай алады. Жыл сайын қызметкерлерді босану кезіндегі алгоритмдерге үйретеміз. Өткен жылы біздің 100-ге жуық қызметкер неонатология бойынша біліктілікті арттырудан өтті, – дейді Ольга Вербовая.
103 қызметінде облыс тұрғындарын босану мәселелеріне мұқият қарауға және мүмкіндігінше алдын ала медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Себебі, бұл нәресте туған кезде барлық қауіптерді азайтуға көмектеседі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев