22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕкібастұз іргесіндегі дала өртінен Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас ұсақ мал шығыны болды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше дала өрттері орын алған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп талқыладық. Сондай-ақ, өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі - деп жазады облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Іnstagram парақшасында.
Әкімнің мәліметіне сай, шаруаларға 4 бағытта көмек көрсетіледі:
- шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемі 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін артады
- жемшөп дайындау үшін субсидия көлемі бір бас ІҚМ үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін артады
- мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік береміз;
- дәнді дақыл жинау кезінде сабан дайындауды қарастыратын боламыз, жинауға мүмкіндік болатындай, сабан ұсақталмай егістіктерде қалдырылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев