12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕкібастұз қаласында 64 жастағы Шахриддин Баймурадов хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Оның жұбайы Павлодар облыстық полициясына 21 сәуір күні арыз түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалған азамат 18 сәуірде Екібастұз қаласындағы Марденов көшесі, 19-үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Жоғалу дерегі тіркелген сәттен бастап жедел іздестіру шаралары басталған. Құқық қорғау органдары барлық полиция бөлімшелеріне бағдар жіберіп, іздеуге қосымша күштерді тартты.
Шахриддин Баймурадовтың ерекше белгілері: жасы – 64-те, бойы шамамен 165-170 см, шашы ақ, көзі қоңыр. Үстінде көк түсті күртеше, қара шалбар және қара түсті кроссовки болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, қараусыз қалған ғимараттар, бос тұрған құрылыстар, саяжай аймақтары, су айдындары мен басқа да аумақтар мұқият қаралуда.
Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары, еріктілер мен қала тұрғындары да тартылған. Іздеу барысында қызметтік иттер мен арнайы техника да қолданылуда.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер