Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕкібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет сарайында жаңа кәсіби театр ашылды. Маусым ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасымен басталды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Қойылымның режиссері – Бибіажар Дихан, ол екібастұздық көрерменге «Танакөз» спектаклімен таныс. Бұл қойылым көрерменге махаббаттың құнын, адам жанының тереңдігін, шынайы сезімдердің сұлулығын және тағдыр драмасын поэтикалық тіл арқылы жеткізуді мақсат етеді.
Театр ұжымына Қазақстанның түрлі аймағынан 12 кәсіби әртіс шақырылды. Театр қысқа уақыт ішінде бірнеше қойылымды сахналап үлгерді. Солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы.
Спектакльдің қоюшы-режиссері – Әділет Ақанов. Қойылымның ерекшелігі – рөлдерді кәсіби актерлермен қатар қала тұрғындары сомдады. Сахнада олардан бөлек шығармашылық ұжымдардың өкілдері де өнер көрсетті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар