Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Екібастұзда 4 автогаз құю бекетінен өрт шығып, салдарынан бір адам көз жұмды деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Екібастұз қаласында Қонаев 5 мекенжайында автокөліктерге автогаз құю бекетінен өрт шықты. Тілсіз жау газ құю бекетіне жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.
Оқи отырыңыз:
26 шілде сағат 13:24-те автокөлікке газ құю станциясында газ құйылған 4 резервуар өртенді. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған, - делінген хабарламада.
Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар. Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жалғасуда. Тұрғындар эвакуацияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары