12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОблыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында жөндеу науқаны кезінде ыстық судың болмау мерзімін дәл анықтауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кезең әрбір жеке шағын аудан үшін 2 айдан аспауы тиіс.
Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Екібастұзда магистральдық және орамішілік жылу желілерінің гидравликалық сынақтары өтеді. Осыдан кейін коммуналдық қызметтер барлық анықталған ақауларды жөндеуге кіріседі.
Бүгін өңір басшысы «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің өкілдерімен кездесті. Асайын Байханов Екібастұз қаласының әкімдігі мен «Екібастұзжылуэнергиясы» ЖШС-ің басшылығына жөндеу жұмыстарының нақты жоспарын әзірлеп, қала тұрғындарына жұмыстардың барысы мен оларды жүргізу мерзімдері туралы хабардар етуді талап етті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер