Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПавлодар облысының әкімі Екібастұз қаласы әкімінің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға өтініш берді. Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылған.
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей бағынысындағы қызметкер - қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты. Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс