Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында бүгінге дейін 105 мектеп салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, биыл тағы 112 мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылады.
Яғни «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі жылда 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда. Президенттің тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Жобаның мақсаты - еліміздің барлық өңірінде кез келген балаға қолжетімді жаңа форматтағы білім беру ұйымдарын құру, – деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдық елді мекендерде салынып жатқанын айтты.
Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласын заман талабына сай жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жоспарланған. Жайлы мектептердің басты артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігінің жасалуы, – деді оқу-ағарту министрі.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік