6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында Қазақстанда қандай саяси партиялардың тіркеуден өтпегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия, атап айтқанда, «Amanat», «Ақ жол», «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы тіркелген.
Ботагөз Жақселекова енді бұл қатарға «Yntymaq» партиясы да қосылады деп отыр.
Бүгінгі таңда Әділет министрлігінде қандай да бір саяси партиялардың өтініштері қаралып жатқан жоқ. Бірақ осы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партия құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралды. «Yntymaq» партиясына қолдау көрсетілді. Екі партияға тіркеуге рұқсат етілмеді, өйткені олардың құжаттары дұрыс болмады. Олар: «Алға Қазақстан» және «Халық дербестігі» партиясы, - деп атап өтті вице-министр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі