23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?16 қыркүйекте Мақат ауданында "Зарница" әскери-спорттық ойындары басталар алдында мемлекеттік әнұран шырқалған. Сол кезде әскери қызметкерлердің бірі жүрек тұсын оң қолының екі саусағын қойып, солайша әнұран орындалып жатқанда құрметсіздік танытқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Осылайша, Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Е-Өтініш жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азамат анықталып, оған заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды, - деді жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаев.
Енді әскери қызметкер 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 172 мың 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер аталған соманы бір аптаның ішінде төлеп үлгерсе, тек жартысын ғана төлейді.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығының директоры Руслан Хамзаның айтуынша, мұндай жағдай осыдан төрт жыл бұрын болған.
Атырауда "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығын ұйымдастыру барысында діни бірлестіктер арасында шағын футболдан ашық турнир өтті. Сайыс басында Әнұранды орындау кезінде оң қолын жүрек тұсына қоймаған, яғни мемлекеттік рәмізге құрметсіздік көрсеткен еліміздің екі азаматы кінәлі деп танылды. Олардың үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынған болатын, – деді Руслан Хамза.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік