Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОңтүстік Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық орнады. Бүгіннің өзінде Шымкент пен Түркістан облысында ауа температурасы +40°C-қа жуықтады. Ал 15-16 мамыр күндері термометр бағандары +43°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте алдағы күндері тұрақты әрі құрғақ ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +18…+22°C аралығында болса, күндізгі уақытта +40…+42°C-қа дейін ысиды. Жауын-шашын болмайды, желдің бағыты – оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 5–10 м/с шамасында.
Ал Түркістан облысында аптап ыстық одан да қатты сезілмек. Әсіресе жазық аймақтарда күндізгі температура +43°C-қа жетеді. Таулы жерлерде ауа райы сәл салқындау болады — шамамен +34°C. Түнде ауа температурасы +17…+25°C аралығында сақталады. Желдің екпіні 9–14 м/с-қа дейін күшейеді. Жауын-шашын бұл өңірде де күтілмейді.
Мамандар тұрғындарға күннің ыстығынан қорғану шараларын сақтап, ашық күн астында ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік