Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘзірге қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдымен 48 келі салмақта жарыс жолына шыққан Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянды 5:0 есебімен жеңіп, жаһандық доданың финалына жолдама алды. Ол ақтық сында грузиялық Сахил Аллахвердовимен өзара кім мықтыны анықтайды.
Екінші финалист – Махмұд Сабырхан.
54 келіде өнер көрсететін Сабырхан жартылай финалда кубалық Йосвани Вейтииді жеңді. Екі боксшы ашық бокстасты. Бірақ Махмұд Сабырханның басымдығы анық байқалды. Алдында тәжірибелі боксшы тұрса да, сериялық соққыларын жасай білді. Соның нәтижесінде бірінші раундта барлық төреші қазақстандық боксшыға жоғары ұпай берді.
Екінші раундта Вейтиа есесін қайтаруға тырысты. Бірақ тағы артқа шегінуге мәжбүр болды. Махмұд Сабырхан рингтің ортасын бермей қойды. Соққысын да дәл тигізіп жүрді. Үшінші раундта қазақ боксшысының басымдығы айқын байқалды.
Кешкі сессияда тағы үш боксшымыз – Дулат Бекбауов (61 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?