13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕкі апта ішінде ІІМ жедел бөліністері іздеуде жүрген 117 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 98 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысының Зеренді кентінің маңындағы орман алқабында тіркелмеген мылтықпен жергілікті тұрғынды атып өлтірген ер адам ұсталды. Таразда 18 жастағы ауыл тұрғыны құрықталды. Ол топтық төбелес кезінде басқа фигуранттың аяғына атқан. Қызылордада бөтен үйге кіріп, ондағы екі тұрғынды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттап, алтын сырға мен ұялы телефон ұрлап кеткен ер адам ұсталды.
Күдікті бұрын сотты болған. Жетісу облысында да қылмыскер құрықталды. Ол Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінің аумағына кіріп, күзетшіні ұрып-соғып, оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 62 млн теңге көлемінде ақшаны иемденген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді ведомствода.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды