Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыНидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде ұлттық құраманың екі боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
70 келіде Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда бельгиялық Анас Каддуримен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Отандық былғары қолғап шебері өткен жылдың соңында Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Сондай-ақ, батысқазақстардық Даниял Сәбит 50 келіде жартылай финалда Бельгия боксшысы Редуан Ассаиден басым түсіп, финалға өтті.
Бұдан бөлек, 65 келіде Ертуган Зейнуллинов финалға шығар жолда әзірбайжандық Али Абдуллаевтың осал тұсын таба алмады.
Айта кететін жайт, Eindhoven Cup турнирі маусым айының 6-9 аралығында өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары