Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖақын арада eGov қосымшасында қазақстандықтар үшін маңызды жаңа функция іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мүмкіндік арқылы кез келген азамат жеке деректерінің тарап кеткен-кетпегенін оңай тексере алады.
Web-Totem ЖШС директоры Руслан Тұргелдиновтың мәлімдеуінше, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесімен біріктірілген. Пайдаланушы ЭЦҚ арқылы жүйеге кірген кезде, оның ЖСН, аты-жөні, электрон поштасы және мобильді азаматтар базасындағы деректер пайдаланылады. Дәл осы ақпараттар негізінде деректердің таралу ықтималдығы тексеріледі. Егер қандай да бір жеке мәліметтердің таралғаны анықталса, 1414 нөмірінен SMS хабарлама келеді немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы ескерту жіберіледі.
Қазіргі уақытта жаңа функция соңғы тестілеу кезеңінен өтуде. Алдағы күндері ол eGov қосымшасына енгізіліп, әрбір азамат өз деректерінің қауіпсіздігін тексере алатын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары