Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕнді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді", - деп жазылған хабарламада.
Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:
Азамат өз мәліметін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
Қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді "Қайтарып алу" батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.
Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?