Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліMемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының істен шығуына байланысты жеке мемлекеттік деректер базалары мен электрондық үкіметтің компоненттерін де қолдану мүмкін болмады, деп хабарлайды El.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік дерекқорларды (ЖТ МДБ, ЗТ МДБ және т.б.) қоса алғанда, «электрондық үкімет» компонеттері қалпына келтірілді.
«ҰАТ» АҚ қызметкерлері «электрондық үкімет» компоненттері мен мемлекеттік деректер базаларының толық функционалын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, техникалық ақаулардың себептеріне талдау жасалады.
Электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелеріндегі кез келген ақау ақпараттық қауіпсіздік индиценті ретінде тіркелетінін атап өту керек. Кешенді талдау қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданады. Уақытша қолайсыздықтар үшін пайдаланушылардан кешірім сұраймыз», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс