10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы“Бармысың, бауырым?” хабарының кейіпкері Бахитгүл Салдатхан 2004 жылы туған егіз баласын іздейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хабар редакциясына алдын-ала хат жолдаған Бахитгүл заңсыз жолмен Мәди мен Мәдина есімді балаларынан айрылғанын айтты. Балалар 2004 жылы мамыр айында дүниеге келген.
Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Көшіп-қонып жүргенде келіншек құжаттарын жоғалтып алған.
Мен Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. Ешқандай заң білмегендіктен осы күйге түстім. Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер, - дейді ол.
Қарағандыда егіз баласын босанған кезде ананың ешқандай жағдайы болмаған. Кейіннен бір кісі көмектесіп, балаларды уақытша қалдыруға болатын қоныс тауып берген. Кейіннен Бақытгүлді сыртынан аналық құқығынан айырған сот шешімі шыққан.
Қазақстан, елім, жерім деп келгенде, орыс тілін білмегендіктен осындай күйге түстім. Екі баламнан айырылып қалдым. Мен сендерді қатты сағындым. Абылай деген ағаларың бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Тыңдап отырсаңдар хабарласыңдаршы, - дейді Бахитгүл Салдатхан.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді