Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАуыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев егінді алқаптардағы шегірткенің қаптап кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр бұл жағдайды күннің қатты ыстығымен байланыстырып отыр.
Шегірткенің, соның ішінде: азиялық, марокколық италиялық түрлердің таралуы күннің белсенділігімен байланысты. Әр 11 жыл сайын шегірткенің таралуы шарықтау шегіне жететін кезі болады. Келесі жылы «пик» болады. Шегірткенің орташа жылдық таралуына қарағанда 10-20 есеге көбейеді. Былайша айтқанда, шегіртке 100, тіпті 1000 жұмыртқаға дейін сала алады. Шегірткенің сондай циклділігі сол «пик» жылға сәйкес келеді, - деп түсіндірді Қарашөкеев.
Оқи отырыңыз:
Министр шегіртке жылда болатынын атап өтті. Биыл және келесі жылы да шегірткенің «пигі» болады. Оның сөзінше, шегірткелер егінді алқаптарды жемейді, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы егістерге ешқандай зияны жоқ.
Қазақстан бойынша 200-ден астам аппарат бар. Соларды дер кезінде алып келдік. 1,7 млн гектарға жететін улы дәрілерді дайындадық. Өзіміздің резервтеріміз бар. Жұмыстардың барлығы өз уақытында атқарылып жатыр. Өңірдегі ахуал тұрақты, - деді министр.
Бұған дейін шегіртке Қостанай облысындағы 16 мың гектар жайылымдық жерге тарағаны туралы айтылды. Министр өңірге барып, ахуалды бақылаған болатын.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?