Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБиыл елімізде егін жинау науқаны сәтті аяқталды. Дәнді дақылдардың жалпы өнімі 27,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде бидай 20,3 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға көп, ал бидай егіс алқабы 900 мың гектарға қысқарған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл бұршақ дақылдары алғаш рет 1 млн тоннаға жетіп, майлы дақылдар бойынша да рекорд орнады (4,5 млн тонна). Сонымен қатар картоп 2,9 млн тонна, көкөніс 3,8 млн тонна, бақша дақылдары 2,6 млн тонна жиналды.
Жаңа өнімнен элеваторларға 7,7 млн тонна астық қабылданды, бұл былтырғыдан екі есе көп. Оның 53%-ы жоғары сапалы (1-3 класс) бидай. Жалпы астықтың 17,4 млн тоннасы фермерлер қоймаларында сақталуда, 2,2 млн тоннасы экспортқа шығарылды.
Өткен маусымда экспорт көлемі 13,4 млн тонна болып, 47%-ға артқан. Биыл Қазақстан Бельгия, Португалия, Вьетнам, БАӘ, Марокко және басқа жаңа нарықтарға өнім жеткізуді бастады. Экспорттық әлеует шамамен 13 млн тонна деп бағалануда.
Вице-министрдің айтуынша, астыққа сұраныс тұрақты, ал заманауи технологияларды қолдану мен егіс алқаптарын әртараптандыру өндіріс өсімін қамтамасыз еткен.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова