Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақстанда бау-бақша шаруашылығын, отандық алма өндірісін дамыту үшін субсидиялар, жеңілдікті кредит беру түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қабылдануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда алма бойынша қамтамасыз ету 62,9%-дан (2019 ж.) 80% -ға (2023 ж.) дейін өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фермерлер импорттық өндірушілер тарапынан демпингке ұшырауда, жоғары бәсекелесттік импорттық өнім отандық өндірушілердің рентабельділігін төмендетеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау кезінде алма импорты қатар болғанда қазақстандық бағбандар өнімді өткізуде қиындықтарға тап болатынын, бұл олардың қаржылық жағдайын нашарлататынын атап өтті.
2024 жылдың 7 айында шамамен 107, 3 мың тонна алма импортталды (2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 58% -ға өсті). Негізгі импорт Польша, Иран, Өзбекстан, ҚХР-дан жүзеге асырылады. Бұл ретте импорттың өсуі Қытайдан импорттың 18 есе және Ираннан 7 есе импорттық өсуімен байланысты.
Отандық алма өндірісін қолдау және отандық өнімді өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма (СЭҚТН коды: 080810) әкелуге тыйым салуды енгізуді мақұлдады.
Алма әкелуге тыйым салу тек егін жинау кезеңінде ғана енгізілген, бұл отандық бағбандарға жиналған өнімді сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік береді. Маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.
Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.
Бұйрық 2024 жылғы 8 қазанда күшіне енді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес