28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОқу-ағарту министрлігі су тасқынына ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балаларды сауықтыру орталықтарына жіберу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, соңғы тәуліктерде Алматы қаласындағы ұлттық сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан облысынан балалар келді. Одан бөлек, 80 бала Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне орналастырылды.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жалпы алғашқы лекте 11 баланы сауықтыру орталықтарына Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан 600 бала қабылданады.
Балалар сапалы білім алуы үшін қажетті оқу-құралдарымен, тамақтанумен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Эвакуациялық пунктердегі балаларды республикалық маңызы бар инновациялық мектеп лицейлерінің жатақханаларына орналастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселелері шешілуде. Бүгін «Дарын» мамандандырылған мектептері балаларды қабылдай бастады, – деді спикер.
Сонымен қатар ол су тасқыны болған аймақтарда ерікті болып жүрген педагогтер мен психологтар жұмысы туралы баяндады.
Педагогтар мен білім саласының барлық қызметкеріне ерекше алғыс білдіреміз. Бүгінде білім беру саласының 20 мың қызметкері тасқынға қарсы іс-шараларға ерікті ретінде қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс істеп жатыр, - деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр орынбасары балаларға және зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде 300-ден астам мектеп психологы жұмыс істеп жатқанын алға тартты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?