23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгінгі Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заңның негізгі мақсаты – 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау.
Сенатор Алтынбек Нухұлы ратификацияланып отырған келісім Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының ғылыми дәрежелерін олардың аумағындағы еңбек көші-қоны аясында тануды көздейді және білім беру, ғылым салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын айтты.
Келісім Еуразиялық одақ кеңістігінде еңбек ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығын нығайтуға бағытталған, сондай-ақ азаматтардың кәсіби қызметіне қол жеткізуге қолайлы жағдайлар жасайды. Қорыта айтқанда, заң ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандырады және Еуразиялық одаққа мүше елдердің білім беру жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз етеді, университеттер мен зерттеу институттары арасындағы ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Заңның қабылдануы теріс саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға алып келмейді, - дейді сенатор.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес, Мәжіліс қабылдаған «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдауды ұсынады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады