Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСенатта «ЕАЭО шеңберіндегі кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда кез келген ЕАЭО резиденті, жеке немесе заңды тұлға болсын, ЕАЭО-ның кез келген еліндегі екінші деңгейлі банктен несие ала алады.
Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасының біздің банктерде 119,5 млрд теңге несиесі бар. Бұл Ұлттық банктің мәліметтері. Алайда ЕАЭО елдері ішінде несиелік тарихпен алмасу мәселесі шешілген жоқ, - деді депутат Сергей Карплюк.
Депутат несие тарихымен ауысудың не үшін керектігіне тоқталды.
Біріншіден, ол адал қарыз алушылардың банктік қызметтерге қолжетімділігін кеңейтеді. Яғни оларға ЕАЭО-ның кез келген еліндегі банктен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл банктердің өзін қорғайды. Банк қарыз алушының сенімділігін тексере алады және сол арқылы оның тәуекелдерін азайтады, - деп түсіндірді сенатор.
ЕАЭО шеңберіндегі келісімді ратификациялау Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?