6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімнің жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, келісім ғылыми дәреже иегерлеріне ЕАЭО елдерінде ұлттық заңнама бойынша құжаттарды тану рәсімдерінен өтпеуге мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасу рәсімін едәуір жеңілдетеді, уақытша және қаржылық шығыстарды қысқартады.
Айта кету керек, келісім шеңберінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежелері туралы құжаттарды өзара тану жоспарлануда.
Осылайша, қазақстандық ғылыми дәреже иегерлері ЕАЭО елдерінде артық бюрократиялық формальдылықсыз кәсіби қызметті жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, Қазақстанға білікті кадрлардың келуін ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан Республикасының ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамын күшейту үшін қосымша серпін береді.
ЕАЭО елдері келісімге қол қоюды 2023 жылдың екінші тоқсанына жоспарлап отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі