Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕАЭО дәрі-дәрмектерді ұлттық қағидалар бойынша тіркеу мерзімін 2027 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
ЕАЭО елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды бұрынғы қағидалар бойынша тіркеуді ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарына көшпей-ақ тағы шамамен үш жылға дейін жалғастыра алады.
Мерзімді ұзарту халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өзгерістер 2022 жылғы 10 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің №96 шешіміне енгізілді. Шешім 24 мамырда күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?