20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және ЕАДБ-ның инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуы мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Олжас Бектенов пен Николай Подгузов Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы жоғары инвестициялық белсенділігін атап өтті. Жыл басынан бері ЕАДБ $900 млн-нан асатын сомаға экономиканың түрлі секторларындағы жобаларды қаржыландырды. Сонымен қатар 2023 жылы Қазақстанға $1 млрд қаражат салынды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі едәуір артып, $1,4-$1,6 млрд-қа жетеді деп күтілуде.
Қазақстанда іске асырылып жатқан ЕАДБ негізгі жобаларының тізбесінде – көмір өндірудің циклдік-ағындық технологиясын енгізу, күн электр стансаларын салу, «Астрахан – Маңғышлақ» магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту, автожолдарды салу және реконструкциялау жобалары бар.
Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі маңызды серіктестердің және инвестициялардың сенімді көздерінің бірі болып саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу міндеттерін атап өтті. Қазір Үкімет инженерлік, көлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Біз Банкпен өзара тиімді шарттармен ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз және ел экономикасы үшін маңызды жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделіміз, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өз кезегінде ЕАДБ Төрағасы Николай Подгузов банктің ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ тараптар банктің ағымдағы инвестициялық портфелі, капитал құрылымын әртараптандыру, корпоративтік басқару сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?