7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Алан Пиюмен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын азайту үшін өзара ынтымақтастық және Қазақстанға қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қойды.
Метан шығарындыларын азайту, мониторингті, есептілікті және әр түрлі салалардағы верификацияны жақсарту біздің еліміз үшін маңызды міндет болып табылады. ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және газ тасымалдау, ауыл шаруашылығы, қатты-тұрмыстық қалдықтар мен су бұру саласындағы негізгі секторларға баса назар аудара отырып, осы бағыттағы күш-жігерді қолдауға ниетті.
Меморандумды іске асыру шеңберінде тараптар метанды азайту саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыруға кірісуге, сондай-ақ ең үздік халықаралық практика мен стандарттарға сәйкес газдың осы түрін реттеудің жаңа құралдары бойынша мүмкіндіктерді пайдалануды қарауға дайын.
Меморандум елдің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне ықпал ететін болады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?