2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБатыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Орал қаласындағы Достық үйінде еліне адал қызмет жасап, туған жерінің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан азаматшалардың бірі - еңбек ардагері, облыстық ҚХА жангыныдағы Аналар кеңесінің мүшесі Роза Кужекованы 80-жылдық мерейтойымен құттықтап, қошамет көрсетті.
Мерейтой иесін замандастары мен жастар өкілдері құттықтап келді. Сонымен қатар, кездесу барысында Роза Лукьяновна жайлы арнайы фильм көрсетілді.
«Қазір сіздің шәкірттеріңіз еліміздің әр жерінде абыройлы қызмет етіп жүр. Бір кездері біз де сізден дәріс алдық. Қазір облыста сіз секілді мамандар өте аз. Сіздің әлде де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз», – деп тілегін білдіре отырып, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Роза Кужекованың шапан жапты.
1962 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Роза Лукьяновна білім саласында жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытып, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы, Орал қалалық және Батыс Қазақстан облысының партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқара жүріп, қала мен облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлесін қосты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова