6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДзюдодан 73 келіде ұлттық құрамада өнер көрсететін Жансай Смағұлов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дохада дүниежүзілік біріншіліктің алғашқы айналымында халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) құрамасының атынан күрескен Ресей балуанына жол берген Ж.Смағұлов өзінің мансабына қатысты пікір білдірді.
Бұл менің соңғы Әлем Чемпионатым болуы мүмкін және елге оралған соң спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын, - деді отандасымыз Катардағы сында.
Жансай Смағұлов Рио және Токио Олимпиадасына қатысқан. Ол Бразилиядағы өткен төртжылдықтың басты ойындарында 66 келіде күресіп, алғашқы белдесуде Бельгия спортшысын ұтқанымен, екінші айналымда оңтүстіккореялық Ан Ба Улға жол берді.Токиода алғашқы белдесуде Армения дзюдошысын айқын ұтты. Алайда екінші айналымда Канада спортшысына есе жіберген болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі