11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҒалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біздің спортшы жүлде жолында Миреиа Лапуерта Комастың (Испания) жауырынын жерге тигізді. Екінші қоланы Қытай спортшысы алса, Ли Хекён (Оңтүстік Корея) бас жүлдеге ие болды.
Күндізгі сессияда Ұлттық құрама спортшысы А тобында Алёна Сергееваны (Ресей), сосын Мелани Легу-Клеман (Франция) мен Аманда Лиманың (Бразилия) осал тұсын тапқан. Алайда жартылай финалда Оңтүстік Корея дзюдошысы Хекён Лиден ұтылып қалды.
Ғалия былтыр Ұлан-Батыр мен Астанада өткен Үлкен дулыға санатындағы турнирде 5-орыннан көрінген. Бұл оның Grand Slam сериясындағы алғашқы медалі.
Айта кетейік, Тбилисиде қазір 83 мемлекеттен келген 531 татамиге шебері күш сынасып жатыр.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес