10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДохада дзюдодан басталған әлем чемпионатында 48 келіде Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Катарда басталған татами шеберлерінің дүниежүзілік біріншілігінде Атырау облысының өкілі 1/8 финалда Сербия спортшысын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға шықты. Енді Абиба Әбужақынова финал жолдамасы үшін франциялық Ширин Буклимен шеберлік байқасады.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев ширек финалға шыққан еді. Алайда жартылай финалға шығар жолда ол Токио Олимпиадасының чемпионы Наохиса Такатоға жол берді. Н.Серікбаев жұбаныш белдесуінде күреседі. Онда жеңіске жетсе, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алмақ.
Сонымен бірге, осы салмақта күрескен Елдос Сметов іріктеу кезеңдерінде өзбекс балуанынан ұтылды. Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Ғалия Тынбаева Франция спортшысы Блэндин Понттан айласын асыра алмады.
7 мамырда Дохада дзюдодан жалауы желбіреген әлем чемпионаты 14-мамырға дейін жалғасады. Аталған біріншілікке Қазақстан командасы толық құрамда атанған болатын.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді