6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘзірге дзюдо күресінен Астанада өткізілетін әлем біріншілігінде 17 мемлекеттің спортшылары қатысатындықтарын растады. Атап айтсақ: Жапония, Бразилия, Чехия, Монако, Сауд Арабиясы, Канада, Нидерланд, Бельгия, Швеция, Тунис, Англия, Болгария, Германия, Финляндия, Тәжікстан, Тайпей. Бұл чемпионатқа әлемнің 100-ден астам елінен балуандар келеді деп күтілуде.
Сәуір айында «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «KAZTICKET» ЖШС арасында билеттерді сату жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Билеттерді сату kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттары арқылы жүргізіледі.
Қазіргі таңда «KAZTICKET» ЖШС Астана қаласында, Конгресс-Холда, «Қазақстан» орталық концерт залында, М.Горький атындағы театрда өздерінің билет сататын агенттері бар және «Туран-18» бизнес орталығында жеке кассасы жұміс істейді.
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (https://www.datastat.si/IJF_media/) Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу басталды. Жарыс өткізілетін «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
Астана қаласында 2014 жылы дзюдодан әлемдік Гран при турнирінің кезеңдік додасы өткен болатын. "Сарыарқа" велотрегінде өткен жарыста Астананың әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға барлық мүмкіншілігі бар екендігі байқалды. 2014 жылы Челябинск қаласында дзюдодан әлем біріншілігінің жабылу салтанатында Халықаралық дзюдо федерациясының туы Қазақстанға табыс етілді. 2013 жылы Ресей IJF туын Бразилиядан қабылдап алды.
Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан әлем біріншілігі Астанада 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұзайдыны сарайында өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (www.datastat.si/IJF_media/) Әлем біріншілігінің өту барысын қадағалайтын журналистерді тіркеу жалғасуда. Сондай-ақ «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
Астанада өтетін дзюдодан Әлем біріншілігіне әлемнің ең үздік балуандары қатысады, сондай-ақ, қатысушы мемлекеттердің тізімі алдағы уақытта ұлғаятын болады. Жарыстың басталуына әлі екі ай уақыт бар.
Әзірлеген: Досжан Мейірім.
Суреттің авторы: Жеңіс Ысқабай.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі