Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыҚазақстандық төрешілер IJF Техникалық семинарына қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркияның Стамбул қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен 2024-2028 Олимпиада кезеңіне арналған төрешілік ережелер бойынша Техникалық семинар өтуде.
Шараға 79 елден 326 төреші қатысуда. Қазақстан атынан семинарға Азия дзюдо одағының рефери директоры Асхат Жіткеев, Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры Нұртазин Мұхсин, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі төрешілер Ерлан Тәжіков, Қайрат Төленов, Жандос Қиянов, Денис Амелин, Самат Сапишев және Кенжезару Қашқынова қатысып жатыр.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарыстар жаңартылған ережелер бойынша өтеді. Бұл ережелер жаңа олимпиадалық кезең аясында қолданылады. Семинар төрешілерге жаңа ережелерді меңгеріп, олардың тәжірибеде қолданылуын талқылауға және кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық төрешілер үшін бұл шара кәсіби дамудың маңызды кезеңі болып саналады.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?