6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада 10-12 мамыр күндері дзюдодан өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын әлемдік жұлдыздар анықталды. Париж Олимпиадасына ұпай беретін бұл жарысқа 92 елден 519 спортшы тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен енген жарыс қатысушыларының қатарында дзюдо спортының майталманы, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем чемпионы Тедди Ринерден (Франция) бастап, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Акира Соне (Жапония), Рафаэля Сильва (Бразилия), Баул Ан (Оңтүстік Корея), әлем чемпиондары мен жүлдегерлері Криста Дегучи (Канада), Тсогтбаатар Цендочшир (Моңғолия), Джордж Фонсека (Португалия), Ван Т Енд Ноел (Нидерланды), Валид Кьяр (Франция), Тацуру Саито (Жапония), Grand Slam жеңімпаздары Достон Розиев (Өзбекстан), Элиос Манци (Италия), Барух Шмаилов (Израиль), Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан) бар.
Естеріңізге сала кетсек, еліміз жарысты қабылдаушы ретінде әр салмақ дәрежесінде максималды төрт спортшыдан шығаруға құқылы.
Байрақты дода 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы лицензиялық Grand Slam жарысы болмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі