22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыДзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Қазақстандағы дзюдо спортының дамуына, қазіргі аяқ алысына көңілі толатынын жеткізіп, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортқа ерекше қолдау көрсетуде. Қазақстандағы дзюдоның қазіргі аяқ алысы жаман емес. Бұл сөзімізге Парижде өткен Олимпиада мен Паралимпиададағы дзюдошылардың жарқын жетістіктері дәлел. Елдос Сметовтың алтын жүлдесі мен Ғұсман Қырғызбаевтың қола медалі барша қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйлады. Оның үстіне Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін иеленді. Осының бәрі біздегі дзюдоның дұрыс жолда келе жатқанын көрсетеді. Жас дзюдошылар да жаһандық жарыстарда ерекше жетістіктерімен көзге түсіп, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Спортшылардың дүбірлі додаларда топ жаруы, жүлдегер атануы – біз үшін зор мақтаныш, - деді Ербол Мырзабосынов.
Ел біріншілігінің ашылу салтанаты аясында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке есімі алтындатылған жапсырманы табыстады.
Байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысуда. Қазақстан чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев