23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жеребе тарту рәсіміне қатысты ойын бөлісіп, әрбір спортшы татамиде барын сала күресетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына тас-түйін дайын. Кеше жазғы Ойындардың жеребесі тартылды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде осал спортшы болмайды. Жеребеге қарап, қарсыласты бөліп жармаймыз.
Дзюдошыларымыз намыс, абыройды бірінші орынға қойып, ешкімнің атағына қарамай күреседі. Бұл жарыста бәрінің мүмкіндігі бірдей.
Ертең күресетін спортшыларымыз бүгін жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысады. Бірінші болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады. Біз спортшыларымызға әрдайым сенеміз және қолдаймы»,- деді бас бапкер.
Қазақстандық дзюдошылар Париждегі доданы алғашқы айналымнан бастайды. Ертең Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова татамиге шығады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік