12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионатының 3-күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей сындағы шешуші белдесулерде Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады. Қола медаль үшін күрескен Аруна Жангельдина (-78 кг) мен Нұрлыхан Шархан (-100 кг) қосымша уақытта (golden score) қарсыласына есе жіберіп, бестікті түйіндеді.
Нұрлыхан алғашқы белдесуінде Түркменстан дзюдошысын таза ұтқан. Нұрлыхан жартылай финалда әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы өзбекстандық Музаффарбек Туробовқа қосымша уақытта (golden score) ұтылды.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Аруна қырғызстандық, сосын өзбекстандық қарсыласын сенімді жеңді. Алайда жартылай финалда Үлкен дулыға турнирлерінде бірнеше рет топ жарған жапон Рика Такаямаға қатты қарсылық көрсете алмады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Өкінішке қарай, Маргарита Гриценко (-78 кг) жұбаныш белдесуде өзбекстандық спортшыдан ұтылды.
Аса ауыр салмақтағы (+78 кг) Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова Азия чемпионатының алғашқы айналымында қарсыласына есе жіберді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер