1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада Дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Онда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар жиын соңында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Федерация баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев бас хатшы қызметінен босап, федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.
Асхат Жіткеев 2011–2012 жылдары Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасын басқарған, ал 2012 жылдан 2019 жылға дейін Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры қызметін атқарған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Азия дзюдо одағының рефери-директоры лауазымында жұмыс істеп келеді.
Ал Тимур Болат бас хатшы қызметіне тағайындалды.
Конференция барысында өңірлік федерация өкілдерінің есептері тыңдалып, Қазақстан облыстарында дзюдо спортын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?