Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2025 жылғы 8 қыркүйек күні Пьяченца қаласының маңындағы ортағасырлық елді мекенде орналасқан XIV ғасырдағы шіркеуде Джорджио Арманиді жерлеу рәсімі өтті. Associated Press хабарлауынша, оған дизайнердің отбасы мүшелері мен ең жақын достары қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлемдік сән индустриясындағы ең танымал есімдердің бірі саналатын Армани 4 қыркүйек, бейсенбі күні, 92 жасында дүниеден өтті.
Милан қаласында екі күнге созылған қоштасу іс-шарасына 15 мыңнан астам адам келіп, сән әлемінің аңызымен қоштасты. Алайда жерлеу рәсімі қатаң жабық форматта өтті: Миланның оңтүстігіндегі Ривалта қалашығында орналасқан Сан-Мартино Веспово шіркеуіндегі қызметке тек туыстары мен жақын достары қатысты.
Арманидің табыты салынған кортеж ортағасырлық кешен аумағына кіргенде, бірнеше ондаған адам жол бойына жиналып, соңғы құрметін білдірді.
Дизайнердің сүйегі Ривалтадағы отбасылық қорымға қойылады. Онда оның ата-анасы мен үлкен ағасы жерленген.
Қалашықтың ресми сайтында жазылғандай, Сан-Мартино Веспово шіркеуі бұрынғы көне ғибадатхананың орнына тұрғызылған.
Джорджио Армани 1934 жылы 11 шілдеде Пьяченца қаласында, По өзенінің жағасында дүниеге келген. Армани ешқашан үйленбеген және баласы да жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары