22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2025 жылдың 1-14 қарашасы аралығында Таиланд астанасы Бангкокта джиу-джитсудан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ересектер мен жастар (U21, U18, U16) арасындағы додаға әлемнің үздік спортшылары жиналды. Қазақстан құрамасы тағы да өз үстемдігін дәлелдеп, екі санат бойынша да жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ересектер арасындағы жарыс
1-7 қараша күндері ересектер бәсекесіне 58 елден 811 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 11 алтын, 15 күміс және 13 қола медаль алып, сенімді түрде жалпы есепте көш бастады.
Әлем чемпиондары:
Талант Тоқтыбаев (контакт, 85 кг)
Акбар Елубайұлы (контакт, +94 кг)
Ақжүніс Өтебаева (контакт, 57 кг)
Мақсат Төленді (ноу-ги, 85 кг)
Мақсат Мұратұлы (ноу-ги, 56 кг)
Атакелді Есетов (ноу-ги, 62 кг)
Аслан Қанатбек (хиф-контакт, 62 кг)
Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф-контакт, 69 кг)
Жібек Құрымбетова (неваза, 48 кг)
Шерхан Жақсылық (хиф-контакт, 85 кг)
Бекзат Баймұратов (хиф-контакт, 77 кг)
Жалпыкомандалық есеп (ересектер):
Қазақстан — 11 алтын, 15 күміс, 13 қола
Бейтарап атлеттер командасы – 10 алтын, 7 күміс, 17 қола
Вьетнам – 8 алтын, 7 күміс, 10 қола
Германия – 7 алтын, 3 күміс, 4 қола
Бразилия – 6 алтын, 7 күміс, 4 қола
Жастар арасындағы жарыс
8-14 қараша аралығында өткен жастар додасына 54 елден 1401 спортшы қатысты. Қазақстанның жас джиу-джитсерлері де керемет нәтиже көрсетіп, 30 алтын, 20 күміс және 32 қола жүлде жеңіп алды. Бұл Қазақстанның джиу-джитсудағы әлемдік көшбасшы ретіндегі орнын одан әрі нығайта түсті.
Джиу-джитсу Қазақстанда мемлекет қолдайтын басым спорт түрлерінің бірі саналады. Қазақстандық спортшылар Азия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының бас хатшысы Нұржан Арапбаев:
Әрине, көңіл күй ерекше. Біз ересектер мен жастар арасындағы әлемдік рейтингте қатарынан екі жыл бойы бірінші орынды сақтап келеміз. Спортшыларымыз жыл бойы өте тыңғылықты дайындалды. Барлығы Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының президенті әрі бас бапкер Қуат Әділжанұлы Сәғиевтің жетекшілігімен өтті. Қазақстанның ұлттық құрамасы – бұл спортта әлемдік деңгейдегі мойындалған көшбасшы, - деді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев