2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліДжей Ло Instagram-сторисінде қазақстандық арудың каверін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
24 тамыз күні әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес (Джей Ло) Instagram-дағы сторисіне қазақстандық әнші Меруерт Бақыттың орындауындағы Ain’t It Funny әнінің каверін жүктеді.
Меруерт бұл бейнежазбасын Астанадағы танымал ғимараттардың фонында түсіріп, өзінің парақшасына жариялаған болатын. Біраз уақыттан соң Джей Ло оны бүкіл әлемге көрсетті.
Бұл – мен үшін үлкен мойындау, шабыт және жаңа белестерге жетуге зор ұмтылыс, – деп жазды Меруерт Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық оқырмандар Джей Лоның ықыласына тағы да риза болды. Олар америкалық жұлдыздың аккаунтында 248 миллионнан астам жазылушы барын ерекше атап өтті.
Джей Ло әлі де Қазақстанды жүрегінен шығармаған сияқты, – деп қуана пікір қалдырды желі қолданушылары.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс