23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес осы жазда өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Астанадағы алғашқы концерт жайлы жаңалық үлкен қызығушылық туғызғаннан кейін, енді әншінің Алматыда да өнер көрсететіні белгілі болды.
Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов бұл ақпаратты Динара Сәтжанмен сұхбат барысында растады. Бұл туралы Сәтжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:
Эксклюзив жаңалық! 10 тамыз күні Алматыда Дженнифер Лопестің екінші концерті өтеді. Естеріңізге сала кетейік, бірінші концерт 1 тамыз күні Астанада өтеді, – деп жазды ол.
Астанадағы концертке билет сату кезінде адам санының көптігінен Ticketon сайты жүктемеге шыдамай, техникалық ақауларға ұшырады. Кейбір пайдаланушылар билеттердің қосарланып сатылғанын хабарлады.
Ticketon өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай техникалық себептерге байланысты болған. Осы мәселені шешу мақсатында компания қосарланған тапсырыстар болуы мүмкін клиенттерге билеттердің санатын көтеру туралы шешім қабылдады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік