Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліДжеки Чан «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері ретінде қазақстандық кинематографист Роберт Кунді таңдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Роберт Кун – Қазақстаннан шыққан режиссер. Ол Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox студиялары үшін экшн-сцена режиссурасын жасаған, сондай-ақ «Особо опасен», «Он – дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» және тағы басқа фильмдердің түсірілімінде жұмыс істеген.
Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмін түсіру 2026 жылдың көктемінде басталады.
25 қыркүйекте Қазнетте Джеки Чанның Алматыға келген фотосуреттері мен видеолары жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның Қазақстанға қандай мақсатпен келгеніне қатысты да түрлі болжам айтқан: біреулер «Қайрат» – «Реал» матчын көруге келді десе, енді бірі Димаш Құдайбергенмен кездеседі деді. Алайда кейін Джеки Чанның өзі лемізге ат басын бұруының себебін айтты. Ол Алматыда «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі үшін арнайы орындарды зерттеуге келген екен.
Естеріңізде болса, бұған дейін Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильмінің саундтрегін орындаған еді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс