Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Гонконг, Қытай және Голливудтың аты аңызға айналған актері, каскадері әрі режиссері Джеки Чан Алматыға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдымен әлеуметтік желілерде әуежайда түсірілген суреттер тарады. Кейіннен актердің Шымбұлақта жүргенін аңғартатын бейнежазба пайда болды. Жұлдызды қонақ қазақтың дәстүрлі шапанын киіп, қасына қыран қондырған сәті көпшілікті сүйсінтті.
Актер туралы тағы бір жағымды жаңалықты кәсіпкер Таир Марасулов бөлісті. Ол Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялап:
«Достар, армандар орындалады. Мен жай ғана жұлдызбен емес, миллиардтаған жанның кумирі, нағыз аңыз адам – Джеки Чанмен кездестім. Бұл мен үшін мүмкін емес дүниелердің бірі болатын. 70 жастағы актердің энергетикасы таңғаларлық. Өмірінде халықтан жаман пікір естімеген жан. Көптеген жабық кештерде болдым, бірақ бұл кездесудің жөні бөлек, – деп жазды ол.
@.101.beq #джеки#чан#а#так ♬ На связи - Truwer & Экси & CAPTOWN & Niman & Fardi
Желі қолданушылары сүйікті актердің елімізге ат бұруын айтулы оқиға деп балаған:
«Нағыз аңыз адам!»
«Міне, нағыз аңыз, ал сендердің Криш пен Мессилерің кім?»
«Әрқашан құшақ жая қарсы алатын қонақ!»
«Өмірдегі жалғыз кумирім – Джеки Чан»
«Нағыз жұлдыз!».
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?