2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшелері, Джакартаның жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, «Dompet Dhuafa» қайырылымдық қорының өкілдері, танымал индонезиялық блоггерлердің бірі Лиа Малик, сондай-ақ Индонезия жазушылар бірлестігінің мүшесі, бірқатар романдар мен әңгімелердің жазушысы Асма Надия қатысты.
Іс-шара барысында Елшіліктің дипломаттары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы және саяси қызметі туралы презентация жасады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы деректі фильм көрсетілді.
Сонымен қатар, «Dimash Indonesian Dears» жанкүйерлік клубының мүшесі Тита Коссатита А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін қазақ тілінде оқып беріп, оның мазмұнын индонезиялық тілде айтып берді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс