23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Халық әртісі Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
60 жастағы Жүнісовамен болған сұхбаттан үзіндіні Төлепбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Әнші біреуден кешірім сұрайтындай әрекет жасамағанын айтады.
Кешірім сұрайтындай ешкімнің басын жарған жоқпын. Ешкімді атып тастаған жоқпын. Әлеуметтік желіде өздеріңіз ушықтырып алып кеттіңіздер. Бірақ содан бері талай концертке бардым, халық құшақтап, ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр, - деді өнер иесі.
Халық әртісі өзін сынағандарға да жауап берді.
Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Олардың да қышуы қансын. Хейтерлерді айтамын. Әбден тойлады, ауыздарына келгенін айтты. Жақсылап тұрып сынады. Айтсын. Ешкімді қарғағым да келмейді, ешкімге «ауыздарыңды жабыңдар, жазғандарыңды өшіріңдер» деп те айтпаймын. Сол видеоларыңды жастықтарыңның астына қойып, жастанып жатыңдар. Мүмкін содан бақытты болатын шығарсыздар, - деді Жүнісова.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік