Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекТәжікстан астанасы Душанбеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXXII отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отырыс жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде Әзербайжан өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тараптар конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің әділет органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелеріне бөлек назар аударылды.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес