7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?21 тамызда Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы Мәдениет күндері аясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев бюстінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, аталмыш шара екі халықтың мәдени ынтымақтастығы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.
Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанды Мемлекет басшыларының достық пен өзара сенімге негізделген күш-жігері ғана біріктіріп отырған жоқ. Тәжікстан астанасы да қазақ халқының даңқты перзентінің тұлғасы тұғырға қонған әлем астаналарының біріне айналады. Бастысы, бұл қадам екі ел өміріндегі маңызды оқиға болуымен қатар, қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін берері сөзсіз, – деді Аида Балаева.
Абай мүсіні Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында орнатылған.
Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Душанбеде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, қазақстандық көркем фильмдер көрсетілімі, көрмелер мен танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттер өтеді.
Мәдениет күндері 22 тамызда «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?