Дұрыс тыныстай аласыз ба?

10 Маусым 2023, 08:12 1267

Дұрыс тыныс алу көптеген аурулардың алдын алып, оларды емдеуге де көмектесетіндігін жиі естиміз. Бұл салада табысты еңбек еткен, еңбек етіп жүргендер де аз емес. Солардың бірі – Александра Стрельникова, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы бір тамаша маман ұсынған тәсілдерді қолдану арқылы тыныс демікпесі кезінде тұншығудан, жүрек қыспасы мен гипертоникалық кризден құтылуға болады. Сонымен қатар өзге де созылмалы аурулардан біржола айығып, сұлулық пен жас қалпыңды сақтап қалуға зор мүмкіндік. Стрельникованың әдістемесі Ресейдің Людмила Касаткина, Маргарита Терехова, Лариса Голубкина, Любовь Казарновская, Алла Пугачева, София Ротару, Валерий Леонтьев секілді жұлдыздары арасында ғана емес, шетелде де 
аса танымал. Ендеше игіліктеріңізге жарар деген үмітпен біз де аталмыш тыныс алу гимнастикасының әдіс-тәсілдерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Тыныс алу гимнастикасының орындалу ережелері:

1. Мұрынмен демді ішке қарай тартуды ғана ойлаңыз. Осы жаттығуды сан рет қайталаңыз.

2. Ал демді сыртқа шығару ауыз арқылы және ерікті түрде жүзеге асқаны жөн. Демді ішке қарай тарту – белсенді (тек мұрын арқылы), демді сыртқа шығару – селқос (ауыз арқылы және дыбыссыз жүзеге асады) болуы керек.

3. Ішке қарай тыныс алу қозғалыспен қатар жүзеге асады. Стрельникованың гимнастикасының ерекшелігі сол, мұнда тынысты ішке тарту қозғалыссыз, ал қозғалыс демді ішке тартусыз орындалмайды.  

4. Демді ішке тарту-қозғалыс әскерилердің адымы секілді орындалуы тиіс.

5. Аталған гимнастиканы қолдану барысында тек 8-ге дейін санайсыз, оның өзінде де тек ойша.

6. Жаттығуларды тұрып, отырып немесе бір орныңызда жатқан күйі жасауыңызға болады. Негізгі жаттығуларға назар аударсақ:

1. «Алақан» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

2. «Шен» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

3. «Сорғыш» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

4. «Мысық» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

5. «Иығыңды құшақта» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

6. «Үлкен маятник» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

7. «Басты бұру» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

8. «Құлақ» демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

9. «Бас маятнигі» 8 демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады.

10. «Домалату»:

а) сол аяқпен демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен 
жасалады,

ә) оң аяқпен демді ішке тарту - қозғалыс 12 реттен жасалады. 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: